jasqazaq.kz

Қыдырәлі мен Қарақаттың баласы сабаққа 3-ақ рет барыпты

30 мамыр 2019, 12:41

Жуырда «Фейсбук» әлеуметтік желісінде Зарина есімді қолданушы отандық жұлдыздарды құрмет-беделін пайдаланып, қарпайым отбасынан шыққан оқушылардың оқуға түсу мүмкіндігін тартып алмай, өз беттерінше ақысын төлеп оқуды сұрады.

Айтуынша, былтыр 128 балл жинап, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика» факультетіне түскен Қыдырәлі мен Қарақаттың баласы Бекболат Болманов оқу орнына бір жыл ішінде бар болғаны 3 рет бас сұққан. Ал жұлдызды жұптың ұлы Бекболат Болмановтың пікірі басқаша.
Ол «Ата-анам менің әр шешімді қолдайды, көмектесуге тырысады. Бірақ білім жағынан жеткен жетістіктеріме ол кісілердің еш қатысы жоқ, оқуға грантқа анам мен әкем түсіріп берді деп айта алмаймын. Мен өзім білімге келгенде көздеген мақсатыма жету үшін ата-анамның дәрежесін араластырған емеспін. Көбісі тегіме қарап Қыдырәлі мен Қарақаттың баласы болған соң, оған барлығы оңай келеді деп ойлайтын шығар, бірақ олай емес. Негізі менің өзге студенттерден еш артықшылығым жоқ. Жалпы, менің ойымша, танымал адамның баласы болғандықтан деп өзгеге ренжудің, өкпелеудің қажеті шамалы. Өзінің ақыл-санасы бар адам уақытын өмірге, басқаға ренжумен емес, әрдайым өзін жетілдіріп, дамытып отыруға жұмсайды», — дейді былтыр ҰБТ-дан 128 балл жинаған Болманов.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда