jasqazaq.kz

Қыдырәлі Болманов: Маған жеңіл жүрісті қыздар 4000 доллар ұсынды (Видео)

05 мамыр 2021, 10:52

Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов өткен өміріндегі шындықты алғашқы рет айтып берді.

Бұл туралы Еуразия арнасының «Ең алғашқы» бағдарламасында айтылды.

«АБК» тобының дәурені жүріп тұрған сәтте Қыдырәлі Болмановқа көптеген кәсіпкерлер ұсыныс тастаған көрінеді. Оның ішінде тіпті жеңіл жүрісті қыздардың да болғанын әнші жасырмай айтып берді.

«Ол кезде рэкеттердің дәурені жүрген кез, оларды ұлтын сүйгендер деп қарадам. Бандит деп қараған жоқпын ешқашан! Оларды батырлар деп қарадым. Төртеудің батыры, Құрмандар. Атаба марқұм. Атаба мені шақырып алады да таңды таңға ұрып әңгімелесетінбіз.Оларемн сыйласты болдым.

Бір күні қасымда жүрген інішектердің бірі келіп, сізбен бір кісілер жолыққысы келеді. Іскерлік ұсыныс деді. Шақыра ғой дедім.
Содан бойлары ұзын, сұлу екі қыз келді. Ішімнен қандай бизнеске ұсыныс айтады екен деп отырмын. Сосын бір қыз сөйледі: «біз сізге айына 4000 доллар беріп отырамыз, сіз біздің қорғаушымыз болыңызшы. Сізді бәрі таниды сыйлайды, біз оны білеміз»-деді.

Шынымды айтсам ол кезде 4000 доллар өте құнды ақша еді. Қалайда келісіп алып қалу керек деген ойға келдім. Ойыма неше түрлі жоспарлар келіп, бір-екі жылда ол ақшаның қанша болатынын есептеп тастадым. Сіздерде қандай бизнес деп сұрадым. Біз 15-20 шақты қызбыз дейді. Сөйтсем жеңіл жолмен жүріп ақша табатын қыздар екен. Тек қымбат «элитный» түрі екен. Содан шошып кеттім.
Ол бір 90 жылдар болатын, қиын кездер. Жұрттың бәрі әр нәрсемен айналысып жатқан кездер, әйтеуір ақша тапса болды деген заман. Қасымдағы жігіттер ешкім білмейді ғой келісе берейік деген ойлар айтты. Бірақ мен екі күннен соң ол жұмысқа келіспейтінімді айтып, жаңағы екі қызды шығарып салғаным бар» — дейді продюсер. Бірақ кейде сол 4 мың доллар оқиғасы әлі күнге дейін есіме түсіп кете береді, деп қосты өнер иесі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде