jasqazaq.kz

Құдай сақтасын! Түрме аралаған дәрігерлер тәубасына келді

28 қантар 2020, 21:15

Шымкенттің жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері түрмеге енді дәрігерлерді жаппай жетеледі. Ұлттық бюродағылар осыдан бұрын шенеуніктерді бір шошытып алған. Ал жиі кездесуге түрме басшылығы да үйренгендей.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Асқар Көпеев, Тергеу изоляторы бастығының орынбасары:

— Келген кезде, біздің қызыл қақпа шиқылдап ашылған кезден бастап көзіне қарасаң, бұл кісілерде қорқыныш сезімі пайда болады. Мен соны байқап отырмын. Алдындағы топтан да байқадым, келген бұл топтан да байқадым. Қорқыныш сезімі бар.

Шымкенттегі 30-дан аса медициналық мекеменің бас дәрігерлері, аға медбикелері мен басқарма қызметкерлері, жалпы саны 90 адамды түрмеге үш бөліп кіргізді. Үрпиген дәрігерлер түрменің ұзын дәлізімен жүріп отырып, камераларға кіріп көрді. Абақтыдағы адам емдейтін санитарлық бөлімге де жетелеген. Бірақ изоляторға еті үйренбеген олар кіре сала, шығуға асықты. Абақтыда қазір үкімін күтіп отырған 500-ге жуық адамның арасында дәрігерлер жоқ екен. Қалай болса да, Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы бұл акцияны дәрігерлерге пайдалы деп санайды.

Тимур Варзилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

— Әрине, бұл жерден бостандық жақсы. Сондықтан, адал жұмыс істеуіміз керек. Өзімде қорқыныш болмады. Бірақ ұнады деп те айта алмаймын. Және жаңа ішінде жүргенде әріптестерімнің «Құдай сақтасын» деген сөздерін көп естідім. Мына жерді көзбен көрген соң, пара ретінде ұсынып жатса, ақшадан да безінері сөзсіз. Ешқандай ақша бостандыққа жетпейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде