jasqazaq.kz

Қуырылған тағамның қандай қауіпі бары анықталды

24 наурыз 2021, 17:53

Қытайлық ғалымдар қуырылған тағамның қауіпті екенін дәлелдеді.

Қуырылған тағам жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульт қаупін арттырады. Ғалымдар 562,4 мың адам қатысқан 19 зерттеудің нәтижелеріне талдау жасады. Қатысушыларды бақылаудың орташа мерзімі тоғыз жылдан асты. Осы уақыт ішінде олардың арасында 36,7 мыңы инфаркт немесе инсульт сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықты.

Зерттеушілер қуырылған тағам мөлшерінің жүрек-қан тамырлары аурулары, жүректің ишемиялық ауруы және жүрек жеткіліксіздігіне тікелей әсер ететінін анықтады. Аптасына 114 грамм қуырылған тағам қауіпті арта түсіретіні белгілі болды.

Бұған дейін Қытай, Австралия және Катар ғалымдары тауық жұмыртқаларын үнемі тұтынудың зиянын анықтады. Сарапшылар 1991 жылдан 2009 жылға дейін жиналған 8545 адамның тамақтану жайлы деректерін талдады. Күніне бір жұмыртқа жеген адамдарда (50 грамнан астам) ауру қауіпі 60 пайызға артты. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш ерлерге қарағанда жоғары болған.

Stan.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия