jasqazaq.kz

Қуаттағышта тұрған телефоннан тоқ соғып,15 жастағы оқушы мерт болды

29 қыркүйек 2020, 12:55

Алматы облысында 15 жастағы оқушы қуаттағышта тұрған телефоннан тоқ соғып мерт болды. Қайғылы жағдай Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылындағы үйлердің бірінде болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қайғылы жағдай 26 қыркүйек күні түнгі сағат 22:00 шамасында болған. Тоқ соғу салдарынан 15 жастағы тұрғын мерт болды. Алдын ала болжам бойынша, қыздың ұялы телефоны қуаттағышта тұрған. Қазір арнайы сараптама тағайындалды»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Алматы облысында ұялы телефонын жанында ұстап ұйықтаған 9 сынып оқушысы қайтыс болды.

Полицияның ақпаратына сәйкес, 14 жастағы қызды қуаттағышта тұрған ұялы телефоннан тоқ соққан. Сол кезде Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 9 сынып оқушысының қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалмағаннын жеткізді. Себебі бұл факті оқыс оқиға ретінде тіркелген. Бірақ Қаратал ауданындағы Полиция бөліміндегілер тиісті тексеру жұмыстарын жүргізген болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде