jasqazaq.kz

Қуат Хамитовтың өзі не дейді? (видео)

15 қыркүйек 2020, 13:33

Қуат Найманның желіде тағы бір видеосы пайда болды. Бұл алдындағы атышулы видеодан соң полицияда болған кезде түсірілген материал секілді. Онда Хамитов жамандыққа ешкімді шақырмағанын айтады.

Жазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Онда спортшы дезинфекция жасаушылар туралы алдындағы видеоны қалжың ретінде түсіргенін айтады.

«…Ол қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді көтеріліске шығуға, жаман істер жасауға шақырмаймын. Соны дұрыс түсініңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», — дейді Қуат Найман видеода.

Бұған дейін жұртты көшеде дезинфекция жасаушыларды ұрып-соғып, тікұшақтарды атуға шақырған Қуат Хамитовтың үндеуі әлеуметтік желілерде жарияланған еді. Содан кейін ол тиісті процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру үшін Алматы полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Ол бірнеше сағаттан кейін тағы бір желідегі парақшасында: «Отан, халық өзіңнен де қымбат болуы керек» деп жазды.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия