jasqazaq.kz

Қуат Хамитов Желідегі видеосы үшін полицияға жеткізілді

15 қыркүйек 2020, 10:00

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов видеосы үшін полицияға жеткізілді. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында азамат Қ.Хамитовтың зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 272-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Азамат Қ.Хамитов тиісті іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Іс-әрекеттер аз.Хамитовқа түбегейлі баға беріледі», — делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, билік өкілдерінің заңды талаптарына және жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді бағынбауға шақыру не жаппай тәртіпсіздіктерге арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айта кетейік, Instagram желісіндегі парақшалардың бірінді Қуат Хамитовтың билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы таралған еді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде