jasqazaq.kz

Қуат Хамитов Байзақованы жақтап шықты (Видео)

16 қараша 2021, 16:03

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов келер жылы отау құрмақ. Жеке өміріндегі осы және шығармашылығындағы өзге жаңалықтар жайлы Қуат НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қуат Хамитов жуырда ғана көрерменге жол тартқан «Портье: Мальчик на побегушках» фильмінде атышулы Айжан Байзақовамен бірге басты рөлді сомдады. Көрермен Қуаттың актерлік шеберлігін жоғары бағалағанымен, ол басында киноға түскісі келмегенін айтты.

«Сен өзіңді сомдайсың, сценарий саған арналып жазылды» деп, кастингке бармай, басты рөлді бергеннен кейін, келістім.

Жалпы спортты қойғаннан кейін, киноға түсетінімді білдім. Мені мақтап жатыр. Біріншіден, Қазақстанда мұндай сценарий болмаған. Көрермен мен ойнаған эпизодтарды мақтап жатыр. Өйткені менің боқтап жіберген кездерім болған, күлетін жерлері көп. Екінші бөлімін Дубайда түсірсек деген жоспар бар», — дейді Хамитов.

Қуат киноға түсуді оңай іс деп санағанын жасырмайды. Алайда күн-түн демей түсірілімде жүргенде бұл ойын өзгерткен. Тіпті, орта жолда түсірілімнен бас тартуды ойлағанын жасырмайды.

«Өте қатты шаршадым. Екінші күні «нем бар еді киноға түсіп?» деп айтқаным бар», — деді Қуат.

Фильм жарыққа шықпас бұрын, желіде Хамитов пен Байзақованың жанжалдасып қалған видеосы тарады. Қуат аталған кадрдың кадрдан алынғанын растады. Өмірде Айжанмен қарым-қатынасы жақсы екенін айтты. Ал кинодағы әріптесімен жұптастыратындарға:

«Жоқ, ештеңе байланыстырмайды. Жай доспыз», — деді.

Хамитов Байзақованы айыптаған көрермен хатына жауап берді.

«Қандай болмасын, ол өзіміздің қарындасымыз. Әпкесі, анасы, отбасы, қазір баласы бар. Сондықтан қыздарды олай бөлудің қажеті жоқ деп ойлаймын», — деді ол.

Спортшы жеке өміріне қатысты құпияның шетін ашты. Ол келер жылы үйленуді жоспарлап отырғанын айтты. Алайда:

«Сүйіктім бар деп айта алмаймын. Өзім соңғы рет студент кезімде қызға ғашық болған шығармын. Соңғы 10 жылда ғашық болуға уақытым жоқ па, әлде қыздар ұнамай ма, қыздардың бәрі бір-біріне ұқсап кетті ма?!» — деді ол.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр