jasqazaq.kz

Қуат Хамитов 100 сағат мәжбүрлі еңбектен құтылды

11 қараша 2021, 12:34

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов биыл қаңтарда шыққан үкім бойынша тағайындалған мәжбүрлі еңбектен құтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алмалы аудандық сотының 2021 жылғы 28 қаңтардағы үкімімен сол кезде тұрақты жұмысы жоқ Қуат Хамитов күніне төрт сағаттан 100 сағатқа дейін мәжбүрлі жұмыс істеуі керек болған. Алайда кейінірек Хамитов жұмыс орнынан анықтама бергендіктен бұл жұмыстардан босатылған.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Хамитов биыл ақпаннан бастап Алматы облысы мен Алматы қаласының пробация қызметінде есепте тұрғанын хабарлады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 44-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрақты жұмыс орны бар немесе оқуы бар сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Хамитов ресми түрде жұмысқа орналасқан орнынан анықтама және еңбек шартын ұсынды, осыған байланысты мәжбүрлі еңбекке тартылмады», — делінген хабарламада.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәліметінше, Хамитов бас бостандығын шектеу кезеңінде ешқандай оғаш қылық көрсетпеген.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр