jasqazaq.kz

Қуаныш Сұлтанов: Ата-анаға дастархан жайғызуды қою керек

28 қараша 2019, 12:53

Мектептерде ата-анаға мейрам кезінде дастархан жайғызуды қою керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутаты Қуаныш Сұлтанов айтты.

«Ұлттық мейрамдарымыз, Наурыз мейрамымыз бар. Осындай кезде мектептерде оқушыларға, оқушылар арқылы олардың ата-аналарына тапсырма беріп, мектептерге бір нәрселер әкелгізіп, дастархан жайғызуды қашан қоямыз? Осыларды тоқтатайық та. Наурыз мейрамы бауырсақ пісірумен бітпейді ғой. Ұлттық намысымыз, патриоттық рух қайда? Біздің әнұранымыз, туымыз қайда? Осыларға екпін беруміз керек», — деді депутат. Сонымен қатар ол қоғамдық шаралар арқылы баланың қоғамға, өзінің Отанына деген сүйіспеншілігін оятып, міндетін түсіндіру керектігін баса айтты. «Содан кейін педагогтың сансыз есеп беруін тоқтау керек. Педагогтың күн сайын оқу ісі жөніндегі меңгерушіге, директорға есептері бар. 350 қағаз жазады екен. Қажеті қанша? Педагог оқушының дәптерін тексерсін, оқуын қарасын», — деді Қуаныш Сұлтанов. Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып, мақұлданды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда