jasqazaq.kz

Қуандық Бишімбаевтың VIP-коттедж құрылысына 60 млн теңге кеткен

06 тамыз 2018, 12:23

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың коттеджі мемлекет есебіне тәркіленген болатын. Алдағы уақытта оны Ақмола облысы Қосшы әкімдігінің балансына тапсыру жоспарланып отыр. Бір жылдан бері VIP-коттедж бос тұр.
ҚазАқпарат жазғандай, Қосшы әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Орақбаевтың айтуынша, аталған құрылыс нысаны жергіліктің биліктің балансына әлі берілген жоқ. «Коттедж әлі толығымен берілген жоқ. Анау болады, мынау болады деп, дәл қазір ештеңе айта алмаймыз. Жақын арада беріп қалатын шығар. Айдың аяғына қарай беріледі деп ойлаймыз», — деді Сұлтан Орақбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, бүгінде Қосшыда мәдениет үйі, музыка мектебі сияқты нысандар жоқ. VIP-коттеджді осы мақсатты пайдалану жоспары бар. «Негізі, сондай мақсатта қолданамыз ба деген ой бар бізде. Бірақ ол нысан әлі толығымен берілмегеннен кейін ештеңе айта алмаймыз. Оны жалғыз мен шешпеймін. Аудан әкімдігімен бірге шешілетін әңгіме ғой», — деп атап көрсетті С.Орақбаев. Айта кетейік, сотта ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтің ісін қарау кезінде Қосшыдағы коттедж туралы талай рет айтылды. Қ.Бишімбаевтың өзі аталған нысанды әріптестерімен бірге салдым деп мәлімдеген. Екі қабатты коттеджде монша, бассейн, үш жатын орын және терасса бар. Прокурорлық тексерістерге сәйкес, VIP-коттедждің құрылысына 60 млн теңге кетті. Ол Қосшы әкімдігіне қарасты ең қымбат нысан болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде