jasqazaq.kz

Қуандық Бишімбаевтың анасы судьядан ұлын босатуды сұрады

01 наурыз 2018, 16:08

Астанадағы қылмыстық істер боцывнша ауданаралық сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатыстылыр соты болып өтті. Бұл туралы NUR.KZ-ке сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

Сот отырысында экс-министрдің анасы Альмира Нурлыбекова да сөз сөйлеп, жұрттың жүрегін елжіретті.

«Мен Бишімбаевтың анасы ретінде, ұлымның ешқандай кінәсі жоқ деп толық айта аламын. Оны заңсыз жауапкершілікке тартып, бір жылдан астам уақыт қамауда ұстап отыр. Оған қоса мемлекеттік айыптаушылардың ешбір дәлелі жоқ. Міне, сіздің балаңыз осы жерде мынадаай заңды бұзды дейтіндей не телефондағы әңгімелесуі, не видеоға түскен айғағы жоқ. Қайда бқл дәлелдің барлығы? Ондай ешнәрсе жоқ», — деді ол.

Сондай-ақ, шырылдаған ана баласының жауапкершіліктен де қашпай отырғанын алға тартты. Ол өз маңайындағы адамдарды тани алмай, солардың құрбаны болып отырғанын мойындайды дейді. Сондықтан экс-министр сотты барынша әділ болуға шақырды.

«Дәл қазір сіздер тек бір менің ғана баламның тағдырын шешіп отырған жоқсыздар. Оған қоса төрт бірдей кәселетке толмаған балалардың (Бишімбаевтың балалары) да тағдырын ойлаңыздар. осы шешімнен кейін халық сотқа қаншалықты сеніммен қарау керектігін біледі. Құрметті сот адқасы, менің ұлымның еш кінәсі жоқ, оны босатуларыңызды сұраймын», — деді Альмира Нурлыбекова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде