jasqazaq.kz

ҚТЖ Шуда болған пойыз апаты туралы: Түсініксіз жайттар көп

19 маусым 2018, 11:05

Үкіметтің бүгінгі отырысында «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының басшысы Қанат Алпысбаев тексерудің алдын ала нәтижесін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейін пойыздың олай жолдан шығып кету оқиғалары болмаған. Себебі теxникалық жағынан түсініксіз жайттар көп. Атап айтқанда, жолаушылар пойызы түзу жолда аударылып кеткен. Сосын ол жердегі теміржолдың диагностикасы ағымдағы жылы 6 маусым күні жүргізілді. Сол кезде ешқандай кемшіліктер анықталмаған. Аталған учаскеде сағатына 100 шақырыммен жүруге болады. Ал құлаған пойыз 93 шақырыммен жүрген. Негізі, рельстер және басқа да қосымша бөлшектер тек 60 процентке пайдаланылған болатын», — деді Қ.Алпысбаев. Бүгінде компания басшысы апат болған жерде жүр. Өз баяндамасын ол онлайн байланыс арқылы жасады. Оның айтуынша, Шудағы апат бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда. Оған отандық және ресейлік мамандар тартылып отыр. «Комиссия қатар тұрған жолмен жүк пойызын жүргізіп көрді. Осы сынақтың нәтижесінде жолаушылар пойызының жолдан шығып кетуіне басқа пойыздың әсер етпегені анықталды», — деп атап көрсетті Қ.Алпысбаев. Айта кетейік, тексеру комиссияның жұмысы осы айдың аяғына дейін жалғасады. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қайтыс болған жасөспірімнің отбасына 2 405 000 теңге көлемінде өтемақы төлеп береді. Бұдан бөлек, жарақат алған азаматтарға 500 000 — 1 000 000 теңге көлемінде өтемақы беріледі.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді