jasqazaq.kz

ҚР Ұлттық банкі 500 теңгелік жаңа купюраны таныстырды

22 қараша 2017, 12:21

ҚР Ұлттық банкі бүгіннен бастап 500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл — «Қазақ елi» сериясы бойынша шыққан 6-купюра.

Қағаз ақшаның дизайны бұрынырақ шыққан жоғары номиналды ақшалардың дизайнына сəйкес.

Ақшаның бір бетінде Қазақ елі монументі мен көгершіндер бейнеленген. Екінші бетінде Каспий теңізі бейнеленген. Түс реңі өзгермеген. «Ақшадағы жазу кирилл қарпімен басылған. Себебі, дизайн бойынша жұмыстар 2015 жылы жүргізілген. Купюраны басып шығару — ұзақ жүретін процесс»,- деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Ескі дизайндағы 500 теңгелік ақша 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін айналымда жүреді. Мерзім жеткен соң купюра айналымнан алынады.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды