jasqazaq.kz

ҚР СІМ ресейлік сарапшылардың пікіріне жауап берді

23 қараша 2022, 13:08

Ресейдің «Россия 1» мемлекеттік арнасындағы «Владимир Соловьевпен» бағдарламасында сарапшылардың бірі «Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» екенін айтады. Бұл жағдайға қатысты Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Мәжіліс кулуарында пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мұндай мәлімдемелерге келетін болсақ, Мемлекет басшысы, Сыртқы істер министрлігінің басшылығы, басқа да басшылар, соның ішінде Парламент палаталарының спикерлері де осындай пікір мен мәлімдемелер жасайтын тұлғаларға қатысты бірнеше рет пікір білдірді. Біріншіден, олар Ресей Федерациясының ресми ұстанымын көрсетпейді деп санаймыз. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы дәстүрлі тығыз қарым-қатынасқа нұқсан келтірмейді. Үшіншіден, бұл Ресей Федерациясы билігі тарапынан тиісті реакцияға лайық», — деді ол.

Роман Василенко «Ресей елшісін СІМ-ге шақырту жоспары бар ма?» деген сұраққа қатысты жауап берді.

«Қазіргі уақытта менде мұндай ақпарат жоқ. Мен өз ұстанымымды ғана айттым», — деді Василенко.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта