jasqazaq.kz

ҚР СІМ Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады

28 мамыр 2018, 15:16

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың сыртқы саяси ведомствосымен өткізген консулдық мәселелер туралы консультацияларында аспан асты елінде қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Қытай консультацияларының консулдық мәселелер бойынша кезекті отырысы өткен аптада Бейжіңде өткені айтылады. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, ал Қытай делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Го Шаочунь басқарған.

Тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, екі елдің азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай тұрғындарының өзара сапарларының өзекті мәселелері бойынша толыққанды келіссөздер жүргізді. Қазақстандық тарап Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған этникалық қазақтардың жағдайына қатысты мәселені қозғады. Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтардың істерін объективті және әділ қарау мен оларды босату туралы табанды тілек айтылды. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы этникалық қазақтардың мәселелерін шешудің ортақ амалын ойластыруға уағдаласты. Сонымен қатар, консультациялар барысында елдер арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелері талқыланды. Тараптар екі елдің халықаралық әуежайларында Қазақстан және Қытай азаматтарының келу/кету және транзитпен өту тәртібі туралы ақпарат алмасты. Визалық саясат саласында туындайтын мәселелердің техникалық сипатын ескере отырып, тараптар екі ел азаматтарының өзара сапарлары үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екендігін білдірді, сондай-ақ тұрақты консультацияларды одан әрі жалғастыруға келісті.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді