jasqazaq.kz

ҚР Президенті Stadler Rail AG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулерді қабылдады

14 желтоқсан 2022, 15:39

Мемлекет басшысы Stadler Rail AG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулерді қабылдады, деп хабарлады ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанда жолаушылар вагондарын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысына швейцариялық Stadler Rail AG компаниясының вагон жасау зауытын жаңғырту, Қазақстан алюминийін пайдалану және өндірістің толық циклын жолға қою жоспары туралы мәлімет берілді.

Петер Шпулер 2030 жылға қарай өндіріске қажет бөлшектерді жергілікті жерде өндіру деңгейін 35 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ қазақстандық өніммен экспортқа шығу жоспары туралы айтты.

Сонымен қатар олар өндірістік білім мен сарапшылық құзыреттерді үйрету мәселелерін қарастырды. Компания қазақстандық жастарға арналған оқу орталықтарын ұйымдастыруды, сондай-ақ отандық колледждермен және университеттермен қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр.

Президент бірлескен жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр