jasqazaq.kz

ҚР Президенті Орталық Азия елдеріне шекара маңы сауда-экономикалық хабін құруды ұсынды

21 шiлде 2022, 12:38

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне шекара маңы сауда-экономикалық хаб желісін құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономикалық әлеует пен тиімді географиялық орналасу басымдығын толыққанды пайдалану үшін құрылымдық және инфрақұрылымдық шектеулерді жою мақсатында тығыз өзара іс-әрекетті жолға қою маңызды. Орталық Азия елдерінің Бірыңғай тауар жөнелту жүйесінің тірек нүктесі қызметін атқаратын, келешекте одан ары кеңейтілу мүмкіндігі бар шекара маңы сауда-экономикалық хабының желісін іске қосу үшін пәрменді іс-шаралар қабылдау тиімді болар еді», — деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.

Мемлекет басшысы Қазақстан қырғыз және өзбек әріптестерімен бұл бағытта нақты қадам жасап жатқанына назар аударды.

«Атап айтқанда, қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы жобасы, қазақ-қырғыз шекарасында Индустриалды сауда-логистикалық кешені іске асырылып жатыр. Тәжікстанмен көтерме-тарату орталықтарын құру туралы уағдаластық бар. Ал Түрікменстанмен бірге астық терминалын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жобалар біздің өзара тауар айналымы көлемін арттыру, сонымен қатар ЕАЭО мен өзге елдердің нарықтарына өнімдерді экспортқа шығару ортақ мүддемізге жауап береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр