jasqazaq.kz

ҚР ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

11 қантар 2021, 15:27

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың қорытындысын жария етті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафинаның дерегінше, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29, «Nur Otan» партиясы 71,09, «ADAL» саяси партиясы 3,57, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,95 және «Қазақстанның Халық партиясы 9,10 пайыз дауыс жинады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше түнде Қоғамдық пікір институты Еxit poll нәтижесін жария еткен болатын. Оған сәйкес, респонденттердің 5,75 пайызы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 71,97 пайызы «Nur Otan» партиясына, 3,07 пайызы «ADAL» саяси партиясына, 10,18 пайызы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына, 9,03 пайызы «Қазақстанның Халық партиясына» дауыс берген. Айта кетерлігі, аталған институт директоры Айнұр Мәжитова сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында болатындығын ескерткен-ді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия