jasqazaq.kz

Қоянды ауылында төтенше жағдай жарияланды 

15 маусым 2022, 15:29

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қоянды ауылында электр станциясына найзағай түсіп, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«13 маусымда сағат 17:00 шамасында ауылды электр жарығымен қамтамасыз етіп тұрған станцияға найзағай түсті. Ауылдың 90 пайызы бір тәуліктен астам жарықсыз отырды. Тек Софиев ауылына өтіп тұрған электр желісіне қосулы 10 пайыз үйде ғана жарық болды. Электр станциясын 14 маусым күні сағат 00:30-да толық іске қостық», — деп түсінік берді Қоянды ауылының әкімі Айбек Есеев.

Электр станциясының істен шығуына байланысты 2500-ден астам үй бір тәулікке жарықсыз қалған. Әкімнің айтуынша, станция толықтай қалпына келтірілді.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр