jasqazaq.kz

Қостанайлық жігіт интернет арқылы есірткі сатқан

20 тамыз 2019, 13:03


ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті «XXXoxoclub.biz ғаламтор-дүкені арқылы психотропты құралдардың заңсыз айналысына қатысы бар ҚР азаматы Д.Яковенконың заңсыз іс-әрекетін анықтап жолын кесті.

Іс деректеріне сүйенсек, 2018 жылы ҰҚК департаменті Қостанай облысы аумағында синтетикалық есірткі сатуды жүргізген «XXXoxoclub.biz сайтын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ғаламтор-ресурсын Д.Яковенко есімді азаматтың құрғаны белгілі болды. Оған қоса синтетикалық есірткіні Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелген. «2018 жылдың 5 қазанында «XXXoxoclub.biz ғаламтор-дүкені арқылы «пировалерон» психотропты құрал аналогының 0,5 грамы сатылған. Сол жылдың 14 наурызында Д.Яковенконың тұрғылықты мекенжайы бойынша тергеу амалдарының кешені өткізілді. Тінту барысында «пировалерон» психотропты құралы аналогының 5 грамм құрамы бар 5 «Zip-пакеті» табылып, тәркіленді. Жауап алуда Д.Яковенко өзінің Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына синтетикалық есірткі құралын өткізгенін және оларды онлайн-дүкен арқылы аймақта сатуға қатысқанын растады», — делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. 2019 жылғы 7 тамызда Қостанай қаласының №2 соты Д.Яковенконы ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі, 296-бабы 1-бөлігі және 297-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде