jasqazaq.kz

Қостанайлық полицейлерді артық салмақтан арылтудың жолын ұсынды

20 қараша 2019, 12:11

Облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік кеңес органының өкілі, блогер Алдан Менкеев салауатты өмір салтын насихаттайтын жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алдан Менкеевтің сөзіне қарағанда, «Тікелей эфирдегі полиция стандарты» жобасы тәртіп сақшыларының жинақы дене бітімін қалыптастыруға, физикалық дайындығын шыңдауға септігін тигізеді. Қазір Қостанай облысы полиция департаменті басқармаларынан алты қызметкер іріктелді. Олар бір ай бойы ерекше әдіспен спорт залда шұғылданатын болады. «Полиция қызметкерлерінің спорттық талапқа сай болуы маңызды. Шыны керек, олармен өзім бірге жаттығуды ойлап жүрдім. Әуелі «Динамо» спорт кешенінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарға қатысып, онда күрес тәсілдеріне көбірек көңіл бөлінетінін көрдім. Алайда, жақсы нәтиже үшін үшін бұл аздық етеді. Менің өзім тексерген арнайы әдістемем бар», — деп атап өтті ол. Бір ерекшелігі, спорт залдағы сабақтар тікелей эфирде жүргізеді, сондай-ақ фотосуреттер сабақ басталғанға дейін және одан кейін жарияланатын болады. «Полиция қызметкерлері жыл сайын арнайы полигонда оқу-жаттығу жиындарынан өтеді. Күзеттің кәсіби жарамдылығын бағалауда физикалық форма бірінші орында тұрады. Бүгінде полиция қызметкерлерінің дене шынықтыру түріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, ІІМ-де полиция стандарты әзірленіп, онда полицейдің сыртқы келбетіне қатаң талаптар қойылады. Блогердің бұл бастамасын қолдаймыз», — дейді арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерлан Мусин.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда