jasqazaq.kz

Қостанайлық полицей жүргізуші куәлігін сатып келген

29 желтоқсан 2018, 12:52

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өңірдегі жемқорлық деңгейі туралы зерттеу жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мамандары жүргізген сараптама жұмыстарына сүйенсек, облыста жемқорлыққа ең көп жол беретін орган — Полиция департаменті. Бұл туралы Ұлттық бюро мен департамент өкілдері ПД-де өткен жиында мәлімдеді. Жыл басынан бері ішкі істер органдары ішінен жергілікті полиция қызметі, атап айтқанда, учаскелік инспекция, табиғатты қорғау күзеті, жол-патруль полициясы жемқорлыққа көбірек жол берген. Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Гүлнар Шағырова айтқандай, қылмыстардың дені пара алу, алаяқтық, қызметін асыра пайдалануға байланысты орын алды. Қылмыстық-процестік кодексiнің шеңберінде облыстық ПД-не аталған заңбұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiнде ұсыным жасалып отырады. «Мәселен, Рудный қаласы әкімшілік полиция бөлімінің тіркеу-емтихандық жұмысы бөлімінің бастығы мемлекеттік автоинспектормен алдын ала сөз байласу арқылы көлік құралдарын тіркеу есебіне қою, сондай-ақ нақты емтихан тапсырмай жүргізуші куәліктерін беру үшін бірнеше рет ақшалай сыйақы алды. Ол өзінің қызмет жағдайын асыра пайдаланған. Бұған қоса Департаменттің сенім телефонына келіп түскен хабарламалар тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жекелеген көріністерін көрсетеді», — дейді басқарма басшысы. Аталмыш шағымдардың бірін мысалға алсақ, Әулиекөл аудандық тіркеу-емтихан пунктінің қызметкері көлік құралдарын сатып алу-сату мәмілелерін ресімдегені үшін тұрғындардан 3 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алып келген. Аталған факті бойынша полиция департаментіне хат жолданды. Департамент мәліметі көрсеткендей, әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан пункттерінің қызметкерлері мемлекеттік органдарда 28 899 мемқызмет көрсеткен.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер