jasqazaq.kz

Қостанайлық қасапшы әпкесін бауыздады

15 маусым 2018, 10:54

14 маусымда Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туысын айуандықпен өлтірген 30 жастағы Құсбек Әлмағамбетовке қатысты үкім шығарды.

Оқиға 2017 жылдың 24 желтоқсанында Қарабалық ауданындағы Славенка ауылында болған. 45 жастағы Күлмар Бекбосынова күйеуімен ажырасқаннан кейін туыс інісі Құсбектің отбасымен уақытша тұрып жатқан. Әлмағамбетов өз ауылында қасапшы болған. Сол күні әйел адам Құсбекпен және оның әкесімен бірнеше шөлмек арақ ішкен. Шамамен сағат 22:00-де туыстар сөзге келіп қалады — олар бұзауды немесе тауықты сою керек деген мәселеде таласып қалады. Ары қарайғы оқиға адам айтқысыз. Іс материалы бойынша, Құсбек әпкесінің арқасынан алты рет пышақ ұрады. Оның басын кесіп жатқанда әйел адам әлі тірі болған. Сотталған ер адам үйленген және төрт баласы бар. Оқиға болған сәтте олар да үйде болған. Мас күйеуіннен тығылған әйелі полиция шақырған. Адвокаттың сөзінше, ер адам басында кінәсін мойындағанымен, кейін айтқанын толық өзгерткен. Сот Әлмағамбетовті кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді және оған маскүнемдіктен күшпен емдеу тағайындалды.

tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді