jasqazaq.kz

Қостанайдағы бастауыш қазақ мектебі жабылмайды

03 шiлде 2019, 13:23

Қостанай қаласындағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз бастауыш мектебі жабылмайды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Қайрат Ахметов журналистермен кездесуде айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс», деп жазды Президент Тwitter парақшасында.

Осы мәселеге қатысты облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Қайрат Ахметовтің төрағалығымен брифинг өтті. «Интернетте шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер тарап жатыр. Негізі мәселе жаңа қазақ мектебін көшіруден басталды. Бұл жерде шу көтеріп отырған жұртшылық дұрыс түсінбеген. Біз мектепті жабу емес, оны басқа мекенжайға көшіру туралы ұсыныс айттық, яғни бастауыш мектепті Победа-Бородин көшелері қиылысында орналасқан колледжге көшіру туралы бастама көтерілді. Ата-аналардың пікірі ескеріліп, бастауыш мектеп өз орнында қалатын болды. Сондықтан, БАҚ өкілдеріне ресми ақпаратты ғана таратуды сұраймыз»,- деді Қайрат Ахметов.

Брифингке қатысқан білім беру ісінің үздігі Әсия Беркенова интернетте шу көтерген ата-аналарға сын айтты. Ол: «400 орынға арналған мектепте 600 бала оқып жатыр. Бұл бастауыш мектепте менің де немерелерім оқиды. Бұл тұста ата-аналардың қала басшылығына неге қарсылық білдіргенін түсінбедім.  Сол себепті, жаңадан ашылғалы отырған қазақ мектебін қолдау керек. Ұрпағымызды ойласақ, дұрыс шешім қабылдайық»,- деді.

Жиын қорытындысында облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк өңірде қазақ мектептерінің жабылмайтынын нақтылады. Оның сөзінше, облыстағы 504 мектептің 120-да мемлекеттік тілде оқытылады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда