jasqazaq.kz

Қостанайда жұмыртқа бағасы күрт қымбаттады

08 қазан 2020, 20:58

Қостанай облысында жұмыртқа бағасы бірден 70-80 теңгеге қымбаттап кетті.

Қостанай тұрғындары жұмыртқаның қымбаттауын елді мекендердегі карантин мен Арқалықтағы құс фабрикасының уақытша жабылып қалуымен байланыстырады. Себебі, қыркүйек айында сауда орталықтарында «Жас қанат» фабрикасынан шығатын 1-санаттағы 10 дана жұмыртқа 280-285 теңге тұрса, қазіргі бағасы 360-370 теңгеге жеткен. Айта кетейік, Қостанай облысында құс тұмауы тараған 8 елді мекенде карантин жарияланды.

«Қостанай қаласының орталық базарында да осы жағдай. Жұмыртқаның іріктелген, жоғары сұрыпты түрлері соңғы апта ішінде бірнеше рет көтерілді. Бұрынғыдан 60-70 теңгеге өсіп кеткен. Ауылдар карантинге жабылды ғой. Бағаның өсуі содан болуы тиіс», — дейді қала тұрғыны Гүлнұр Мейрамқызы.

Ал Қостанай қалалық әкімдігінің өкілдері бұл жағдай жұмыртқаның қымбаттауына әсер еткен жоқ деп отыр.

«Жұмыртқа бағасы аса қатты қымбаттаған жоқ. Қазір тұрақтандыру қорында белгіленген жұмыртқа бағасы 270-280 теңгенің төңірегінде. Ал нарықтағы бағаның аздап өсуіне басқа жағдайлар ықпал етіп отыр. Қазір құстың жемі қымбаттады, коммуналдық қызмет бағасы өсті. Бұған құс тұмауының қатысы бар деп ресми түрде айта алмаймыз. Бағаны тұрақтандыруда ауылшаруашылығы жәрмеңкесінің маңызы зор. Қостанайда 17 қазанда жәрмеңке өткізуді жоспарлап отырмыз. Сол кезде 10 дана жұмыртқа 270 теңгеден сатылатын болады», — деді Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Илона Тимошенко.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық