jasqazaq.kz

Қостанайда жеті жасар қыз үйінде өртеніп кетті

25 қараша 2021, 12:17

Қостанай қаласында алты пәтерлі кірпіш үйден өрт шығып, жеті жасар қыз бала көз жұмды. Ал 80-88% күйікпен ауруханаға жеткізілген анасының халі нашар.

Өрт туралы хабарлама құтқарушыларға 24 қараша күні сағат 17:20-да келіп түскен. Ал сағат 17:34-те өрт сөндірушілер оқиға орынына келді. Алты пәтерлі кірпіш үйде қабырға мен төбе жабыны өртене бастаған.50 шаршы метр алаң жалынға оранды. Өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялап, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

«Қалалық ауруханаға 1977 жылы туған пәтердің иесі III дәрежелі термиялық күйікпен 80-88% дене, бас, жоғарғы мойын және тыныс алу жолдарымен жансақтау бөліміне ауыр жағдайда түсті», — деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаменті.

Оның 1975 жылы туған жұбайы I дәрежелі термиялық күйік алған. II-III дәрежелі күйік шалған екі қолын тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Ал зардап шеккендердің жеті жасар қызы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Өрт сөндіру барысында көрші пәтерден тағы бір бала құтқарылды. Бала жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Stan.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр