jasqazaq.kz

Қостанайда ұлын балталаған әке өзіне ату жазасын сұрады

03 қараша 2021, 11:36

Қостанайда 73 жастағы адам өз ұлын балтамен ұрып өлтірді. Тергеу сараптамасы кісі өлтіру кезінде ер адамның ақыл-есі дұрыс болғанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылдың 26 маусымда кешкісін бір кәсіпорнында күзетші болып жұмыс істейтін Владислав Грековке ақша сұрап 30 жастағы ұлы келді. Әкесі ақша беруден бас тартып, баласының кетуін өтінді. Бірақ ол бір бөтелке сыра ішіп, ұйықтап қалды. Таңертең Греков ұлын оятқанда ол әкесіне жұдырық ала жүгірген. Жанжал кезінде қария балтамен ұлын 11 рет ұрған. Жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Тексеру нәтижесінде Грековтың қылмыс жасау кезінде ашу-ызаға берілгені анықталды. Греков аффект жағдайында болған жоқ, деген судья Алтынай Сағындықованың сөзін alau.kz келтіреді.
Сонымен қатар, сот барысында қарт адам өз кінәсін мойындап, өзіне ату жазасын тағайындауды сұрады және қылмыс жасаған сәттің есінде жоқ екенін айтты. Сот қосымша психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындады, оның нәтижелері бір айдан кейін жарияланды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық