jasqazaq.kz

Қостанайда Ұлттық бюроның аса маңызды істер жөніндегі офицері қамауға алынды

11 ақпан 2019, 14:26

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Қостанай облыстық департаментінің қызметкері пара алуға оқталды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Тengrinews.kz сайты облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«2019 жылы 7 ақпанда Қостанай мамандандырылған тергеу соты жедел тергеу тобының басшысы — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі Т. Ж.Амантай Қостанай облысы прокурорының орынбасары Қ. Мамаевтың келісімімен Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің жедел басқару аса маңызды істер жөніндегі офицері азамат Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қанағаттандырды», — делінген хабарламада. Ведомство баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, ұсталған азаматқа ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-бөлігі және 366-бабы, 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады, яғни айтарлықтай мөлшерде пара алуға оқталды деген күдік келген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық