jasqazaq.kz

Қостанайда танысын атқан экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты

18 наурыз 2022, 11:57

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты танысы Ермек Омаровты өлтірді деп айыпталған бұрынғы майор Руслан Клышевқа қатысты үкімді жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұрынғы полицей бұған дейін Ішкі істер департаментінде Ақпараттандыру және коммуникациялар басқармасының компьютерлендіру бөлімінің бастығы болып жұмыс істегені белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор экс-полиция қызметкерін арнайы шенінен айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынған. Сондай-ақ, жәбірленуші тарап моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге сұраған.

Алайда қорғаушы тарап сот процесінде істі қасақана кісі өлтіруден абайсызда кісі өлтіру дәрежесіне ауыстыруды талап етті, өйткені чатта айыпталушыны «таяқ, қарумен келеміз» деп қорқытулар болған.

«Клышев Руслан кінәлі деп танылып, оны полиция майоры арнайы атағынан айырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шықты», — деді судья.

Сонымен қатар, сот жәбірленуші тараптың талап арызын ішінара қанағаттандырды, жауапкер моральдық шығын үшін 5 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде