jasqazaq.kz

Қостанайда сотталғандар жақындарымен бейнебайланысқа шықты

24 қараша 2017, 17:24


Қостанайда құқық қорғау қызметтері орталығында онлайн режимдегі ашық есік күні өтті, — деп хабарлайды Хабар 24.

Облыста алғаш рет ұйымдастырылған шарада Құсмұрын түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер бостандықтағы туған-туыстарымен бейнебайланысқа шықты. Бүгінгі ашық есік күнінде бес азамат темір тордың ар жағындағы жақындарымен тікелей тілдесуге мүмкіндік алды. Олардың әрқайсысына 15 минуттан уақыт берілген.

«Жаңашыл қадам жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқығы бұзылмауын қадалағайды. Әрі сотталғандардың тәртібінің түзелуіне де оң ықпал етеді. Сонымен қатар олардың туған-туыстары үшін де тиімді. «Өйткені облыстағы түзеу мекемелері өңірдің көптеген тұрғындары үшін тым шалғай орналасқан», – дейді игі шараны ұйымдастырған облыстық прокуратура қызметкерлері.

Марат Сматов, облыс прокурорының орынбасары:

— Арқалықты білесіздер, алты жүз шақырым. Мына жағында Жетіқара, оны әрбір азаматтың қалтасы көтермейді. Материалдық қиындықтар туындайды. Және олардың шағымдануына тыйым салуы да мүмкін. Азаматтар бір-бірімен тең құқылы, осы мақсатта бүгінгі бейнебайланысты қабылдау өткізіп жатырмыз. Егер осы шаралар жүзеге асып, оң нәтиже беріп жатса, жалғасын табады.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды