jasqazaq.kz

Қостанайда сібір елігін атқандар ұсталды

25 желтоқсан 2019, 12:04

Қостанай облысының полицейлері Қарабалық ауданының Приречное ауылында сібір елігі мен жабайы қабанды заңсыз аулағандарды қолға түсірді.

Полицияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 23 желтоқсан күні іздеуде жүрген 44 жастағы азаматты ұсталған. Тінту барысында оның үйінен 4 жабайы қабан мен 6 сібір елігі тәркіленді. Сондай-ақ, екі елік және бір жабайы қабанның еті, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық пен 60 оқ табылды. «Қостанай облысының табиғат қорғау полициясының бастығы полиция подполковнигі Талғат Ахметовтың айтуынша, 2019 жылдың 7 қыркүйегінен бастап 31 желтоқсанға дейін жабайы қабан мен елікті аулау маусымы ашық. Жануарларды ату үшін аң аулау лицензиясы керек. Аталған аңшының рұқсат құжаттары жоқ болып шықты. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 337-бабына сәйкес «Заңсыз аң аулау» фактісі бойынша сотқа дейінгі амалдар жүргізіліп жатыр», — деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай. Жыл басынан бері Қостанай облысында 22 заңсыз аң аулау фактісі анықталған, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде