jasqazaq.kz

Қостанайда шетел азаматтарына тиесілі заңсыз майнинг фермасы табылды

28 ақпан 2022, 10:38

Қаржылық мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті цифрлық майнингпен айналысатын тұлғаларға тиісті лицензиясыз электр энергиясын сату фактісі бойынша «EG» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы ақпанға дейін Қостанай қаласында «EG» ЖШС орналасқан электр энергиясын тұтынудың күрт өскені анықталды. Жоғарыда көрсетілген кезеңде электр энергиясын сатып алуға жұмсалған болжамды сома 32 185 617 теңгені құрады (1 кВт/сағ үшін 32 теңге тарифі кезінде). Тінту жүргізу барысында осы аумақта цифрлық майнингпен айналысуға арналған жабдығы бар екі контейнер табылды. Одан 180 дана – интернет желісінде пайдалану жолымен крипто валютасын өндіруге арналған «ASIC» маркалы арнайы жабдық: «Whatsminer M20S» және «Avalon Miner 1166pro-81t» шықты. Тінту кезінде мамандандырылған техникасы бар контейнерлерді жалға берген кәсіпорындар анықталды. Олардың құрылтайшылары — басқа өңірлердің (30%) және шетел (70%) азаматтары.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр