jasqazaq.kz

Қостанайда мас күйде көлік жүргізген полицей ұсталды

04 ақпан 2020, 15:32

Қостанайда мас күйде көлік жүргізген полицей жүргізуші куәлігінен айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицейлер өз әріптесін рейд кезінде тоқтатқан. Ер адамнан арақтың иісі мүңкіп тұрған. Құжаттарын тексеру кезінде оның полиция қызметкері екені анықталған.

«Медициналық куәландыру кезінде оның жеңіл деңгейлі мас болғаны анықталған. Бұл 2 ақпанда болған, кеше ол жұмыстан босатылды. Ол көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды. Сондай-ақ, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», — деді Қостанай облысы ПД кадр саясаты басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Дүйсебаева.

Осындай жағдай Атырауда да болған. Онда инспектор мас күйде ұсталған. Әкімшілік сот шешімімен аға лейтенант жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 15 тәулікке қамалды және қызметінен босатылды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия