jasqazaq.kz

Қостанайда «Малина» интим қызмет көрсететін салонның қызметкерлері ұсталды

29 қазан 2018, 11:39


Қостанайда полицейлер интим қызмет көрсететін салонның қызметкерлерін ұстады.

365info.kz жазғандай, ұйымдасқан қылмыспен күресу қызметкерлерінің назарын Алтынсарин көшесінің бойында, «Березка» дүкенінің маңында орналасқан «Малина men’s club» деп аталатын мекеме аударды. Мекеменің қасында жұмыс істейтін және тұратын куәгерлердің айтуынша, салонның жұмыс істеп жүргеніне бір жыл болған. Біреулер массаж жасайтын салон деп білсе, жергілікті тұрғындардың көбі бұл мекемеге сескеніп қарайтынын және интим қызмет көрсететіндерін айтты.
«Мен тура бұл салонның жанында жұмыс істеймін. Ол жерге қалай ер адамдар кіріп-шығатындарын жиі көремін. Жаз мезгілінде қыздар салонға ер адамдарды шақырып, тіпті өзінің кім екенін айтуға ұялмады да», — деді көршілес шаштараз мекемесінің қызметкері.
Интим қызмет көрсеткен қызметкерлерді 26 қазанда түнде ұстады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналистер Қостанай облысының ІІД өкілдеріне ресми сауал жіберді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді