jasqazaq.kz

Қостанайда ковид карточканы қолдан жасаған фельдшер мен медбике ұсталды

29 маусым 2021, 10:46

Қостанайда жұмысқа орналасу үшін басқарманың лауазымды тұлғаларына 1000 доллар ұсынған медбике ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

“Ол қаладағы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына жұмысқа орналасу үшін ақша ұсынған әрі денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына пара беруге көндірген. Сонымен қатар жедел жәрдем көрсету бекетінің фельдшері де күдікке ілікті. Ол айлығына үстеме ақша алу үшін пара беріп, басшылыққа қол қойдырып келген» деп хабарлайды Астана ТВ.
Рүстем БОЛАТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

— Ол Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының осы облыстық жедел шұғыл медициналық станциясы басшылығы жалақысына үстемеақы алу үшін ковидтік карточкаларға қол қойғаны үшін 2 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін пара беруге көндірген болатын.Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтауда түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия