jasqazaq.kz

Қостанайда қатты жел көлдегі мұзды көшіріп, күре жолды басып тастады

19 сәуiр 2021, 12:40

Қостанай облысында қатты жел салдарынан көлдегі мұз көшіп, күре жолдың үстін басып қалды.

Видеодағы оқиға Сарыкөл ауданындағы күре жолда болған. «Қазавтожол» компаниясы бұл фактіні растап, оқиғаның мән-жайын баяндап берді. «Бұл күре жолдың 713-ші шақырымында, Севастопольский кентінің жанында болға жағдай. Ондағы көпір өткен жылы салынған. Көпірдің астындағы су оңнан сол жаққа қарай ағып жатыр. Кеше сол жақтан оң жаққа қарай, яғни ағынға қарсы соққан қатты жел салдарынан Вишновое көліндегі мұз көтеріліп, жолға шығып кеткен. Осыған байланысты, жолда биіктігі 5 метрге дейін жететін, ұзындығы 500 метрлік мұз шоғыры пайда болған», — деп түсіндірді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Андрей Горват. «Қазавтожол» мамандары мен жергілікті органдар жолды мұздан аршуға бірден кірісіп кеткен, жұмыс түні бойы жүргізілген. «Қазіргі кезде жеңіл көліктер қозғалысы ашылды. Екі сағаттан кейін жолда жүк көліктері де жүре алды», — деді А.Горват.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде