jasqazaq.kz

Қостанайда кәріз құдығынан 7 жасар баланың мәйіті табылды

18 қыркүйек 2018, 12:56

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тимирязев ауылындағы қоғамдық моншаның кәріз құдығынан бала мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖ депаратментіне сілтеме жасап.

Кейінірек анықталғандай, 7 жасар бала сол ауылдың тұрғыны болып шықты және ол бір күн бұрын жоғалған. «18 қыркүйек күні 8:50-де Жітіқара ауданы, Тимирязев ауылында Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының құтқарушылары қоғамдық моншаның кәріз құдығынан 2011 жылы туған баланың денесін тапты. Бірінші сынып оқушысы 17 қыркүйек күні 14:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны іздеуге құтқарушылар, ІІД жеке құрамы мен техникасы және жергілікті халық атсалысқан болатын», — делінген облыстық ТЖ департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы жіберген ресми хабарламада. ТЖ департаменті қайғылы оқиғаның ата-ана салғырттығынан және балаға қарамауынан болғанын атап өтті. «Ата-ана өз баласына мұқият көңіл бөлгенде мұндай оқиға болмас еді. Бала қауіпсіздігіне жауапкершілік ең алдымен ата-анаға жүктеледі», — дейді департамент өкілдері.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді