jasqazaq.kz

Қостанайда кәмелетке толмаған төрт баладан есірткі табылды

30 сәуiр 2020, 17:20

Қостанайда полицейлер кәмелетке толмаған төрт баладан марихуана есірткі затын тәркіледі.

Қостанай станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері темір жол вокзалын патрульдеу кезінде 2002 және 2003 жылы туған кәмелетке толмаған балаларды анықтап, ұстады. Тексеру барысында ұсталғандардан газет қағазына оралған бума тәркіленді, оның ішінде өзіндік иісі бар өсімдік тектес ашық жасыл түсті зат болған.

Бұдан соң көлік полицейлері балалардың ата-анасын шақыртып, заңды өкілдердің және кәмелетке толмағандардан аталған заттар тәркілеп, сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 7,14 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шықты.

«Аталған дерек Қостанай станциясындағы ЖПб сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелді.

23 сәуірде Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқықбұзушылар кінәлі деп танылып, оларға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолданып, ата-аналарының қадағалауына беру түріндегі алты ай мерзімге пробациялық бақылау анықтай отырып, 30 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне де қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабы (ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды.

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия