jasqazaq.kz

Қостанайда ер адам пневматикалық қарудан оқ атқан

26 маусым 2019, 14:39

Қостанайда белгісіз біреу қызға оқ атты.

Tengrinews.kz  жазғандай, полицейлер ер адамды іздестіріп жатыр. Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғыны оқиға туралы әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтердің бірінде жазды. Оның айтуынша, белгісіз ер адам пневматикалық қарудан оқ атқан. Қыздың айтуынша, ол бұл әрекетті қасақана істеген. «Өтініш — сақ болыңыздар. Бұл әр адаммен болуы мүмкін, қалада қаруланған адам емін-еркін оқ атып жүруінің өзі сұмдық жағдай», — деді зардап шеккен қыз.


Оқ атылғаны туралы хабар полицияға 16:30-да түскен. Ер адамды іздестіріп жатыр. «Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Олар оқ атқан адамның сұр түсті «ВАЗ 21009″ автокөлігімен жүргенін анықтаған. Осы жағдайға қатысты қандай да бір мәліметті білген жағдайда полицияға хабарласуды сұраймыз. Қыз бала ауруханаға бармаған», — деді Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық