jasqazaq.kz

Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

17 маусым 2021, 12:19

Қайғылы оқиға 16 маусым күні кешке болған.

Қайғылы оқиға 16 маусым күні сағат 19.00-де Баймағамбетов көшесінде болды. Облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Қайтыс болған әйелдің кім екені анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» 99-бабымен қарастырылған сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады полициядағылар.
Қылмыстың себебі тексеріліп жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам әйелге бірнеше рет пышақ сұғып алған, кейін өзін жарақаттаған. Сондай-ақ куәгерлер ер адамның қайтыс болған әйелдің бұрынғы күйеуі болғанын айтады.

«Полицияға оқиға туралы хабарлама сағат 18.51-де түсті, жедел жәрдем 18.53-те жетті. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 1988 жылы туған әйелдің жерде жатқанын көрді. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған», — деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

1984 жылы туған ер адам ішіне пышақ салған. Екінші бригаданың көмегімен ол ауруханаға жеткізілді.

Ақпарат көзі: Sputnik.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия