
Қостанайды полицейлер тұрғын үйлердің бірінің маңында Калашников автоматымен атыс шығарған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ТоболИнфо» агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, тәртіп сақшылары ер адамды ұстаған. Ол қаладағы тұрғын үйлердің бірінің маңында атыс шығарыпты. Абырой болғанда, тұтқындалған ер адам ауаға оқ атқан. Сондықтан атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Артынша тәртіп сақшылары автоматтағы патрондардың бос болғанын анықтапты.
Сонымен қатар полициядағылар анықтағандай, ер адам оқиға кезінде есірткілік заттардың әсерінде болған. Сонымен қатар ол есірткіні өзімен алып жүрген.