jasqazaq.kz

Қостанайда екі жұмысшы кәріз құдығында улы газға уланып қалған

17 тамыз 2021, 17:21

Қостанайда техникалық құдықтан улы газға уланып қалған екі жұмысшы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 16 тамыз күні сағат 22:41-де Қостанай облысы ТЖД-ның жедел-құтқару жасағы кезекші бөліміне төтенше жағдайдың куәгері болған азаматтан қоңырау түскен. «Қостанайдың сауда кәсіпорындарының бірінің ашық аумағындағы кәріз тазарту құдығында ес-түссіз жатқан 1990 және 1991 жылғы екі жұмысшы табылды. Тұндырғыны тазарту кезінде зардап шеккендер улы газдың құрбаны бола жаздаған», — деді ТЖД өкілі. 8 минуттан кейін, 22:49-да құтқарушылар барлық жабдықтармен оқиға орнына жеткен, тыныс алу аппаратын киіп, арқанның көмегімен құдыққа түскен. Екі-үш метр тереңде жатқан жұмысшылар құтқарылды. «Аммиак және күкіртсутекпен уланғандардың жағдайы ауыр болды. Олардың біреуіне құтқарушылар дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсеткен, әрі қарай екеуі де дәрігерлерге тапсырылды. Қазіргі кезде зардап шеккендер ауруханада жатыр, жағдайы қанағаттанарлық», — деп қорытты ведомстводан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия