jasqazaq.kz

Қостанайда екі ер адамнан 23 келі есірткі тәркіленді

29 мамыр 2019, 10:55

ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті каннабистік топқа жататын есірткі заттарының заңсыз айналымын қатысы бар топты ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Атап айтқанда, 2018 жылғы 19 қарашада салмағы 19 кг 230 гр болатын «марихуана» есірткі затын өткізу кезінде В. Бондуровский ұсталды. Жауап алу барысында ұсталған адам кінәсін мойнына алып, есірткіні А. Чигаркиннен алғанын айтты. 2018 жылғы 20 қарашада А. Чигаркинді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, одан сондай-ақ салмағы 3 кг 721 гр. «марихуана» есірткі заты алынды. Нәтижесінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 22 кг 951 гр. болды. 2019 жылғы 6 мамырда Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен А. Чигаркин ҚР ҚК 296-бабы 4-б. және 297-бабы 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға, В. Бондуровский ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда