jasqazaq.kz

Қостанайда екі әйел үсіп өлді

06 ақпан 2019, 11:25

Қостанай облысында екі адам үсік шалып, көз жұмды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

Қостанай облысының ТЖД мамандары аязды күндері барынша сақ болуға шақырады. «Аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға, балаларды қыдыруға жібермеуге кеңес береміз. Көлік жүргізушілері алыс жолдарға шықпағандары жөн. Қазіргі таңда облыс көлемінде үсік шалуға қатысты екі оқиға тіркелді. Денисов және Әулиекөл ауданында 1990 және 1968 жылғы екі әйел көз жұмды», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында. Айта кетейік, аяздың күшейіп кетуіне байланысты Қостанай облысының ТЖД үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, аяз кезінде адам өзін қалай сақтандыру керектігін еске салады.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуда
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты