jasqazaq.kz

Қостанайда далада жүрген малды атып алған топ ұсталды

13 желтоқсан 2021, 12:37

Қостанай облысында далада жүрген малды атып алып, сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қостанайлық полицейлер далада жүрген малды атып алумен айналысқан барымташылар тобын ұстады. Күдіктілер далада жүрген малды күндіз байқап, түнде атып алған. Сол жерде сойып, етін алыпсатарлар арқылы дүкендерге өткізген», — деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында. Оның атап өтуінше, ұрлық жайылымда, күзетілме йтін аймақта орын алған. Дәл осы жайт арнаулы операция жүргізуге біраз қиындықтар тудырған. «Қазіргі уақытта топтың 5 қатысушысы ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Олардың Амангелді ауданы аумағындағы 3 және Арқалық қаласында 3 мал ұрлау фактісіне қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктілердің бірін тінту барысында заттай айғақ, оның ішінде тіркелгенмен «ИЖ-12» маркалы мылтық пен оғы тәркіленді. Баллиститкалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу аясында күдіктілердің дәл осындай өзге де қылмыстарға қатысы анықталып жатыр», — деді ресми өкіл.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде