jasqazaq.kz

Қостанайда балабақша тәрбиешісі сәбиді жұлқылап, бұғанасын шығарып жіберген

07 шiлде 2022, 10:47

Қостанай қаласындағы №61 балабақша-бөбекжайында тәрбиеші орындықта отырған баланы жұлқып қалғанда, бала орындықтан құлап, соның салдарынан бұғанасы шығып кеткен, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Казинформ» агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті ақпарат құралдарының бірінде жарияланғандай, балабақша тәрбиешісі орындықта отырған баланы күшпен жұлқи тартып қалғаны туралы видео жарияланды. Бала құлап, қатты жылай бастайды, ал тәрбиеші оны тыныштандыруға тырысады.

Айта кетерлігі, балабақша басшылығы бұл оқиғаға айрықша мән беріп жатпаған, ал полиция тіпті, ешқандай қылмыстық құрам жоқ деген.

Кейіннен белгілі болғандай, облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі қазіргі таңда «№61 балабақша» КМК қызметкерінің тәртіптік жауапқа тартылғанын мәлімдеген.

«Мұғалімге 2022 жылғы 29 маусымдағы бұйрық бойынша сөгіс жарияланды. Сонымен қатар, осы жылдың 5 шілдесінде №61 бөбекжайдан жұмыстан шығарылды. Ал аталған балабақшаның меңгерушісі ескерту түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды», — деп түсіндірді ведомстводан.

Осы ретте оқыс оқиғаға байланысты білім бөлімі Қостанай қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жиын, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлерімен брифинг өткізді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде