jasqazaq.kz

Қостанайда бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар табылды

12 ақпан 2020, 10:57

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері қауіпті ойыншықтарды анықтап, дүкен сөрелерінен алып тастады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ведомствоның бөлім басшысы Рагуль Таженова айтқандай, өңірде балалар ойыншықтары үнемі тексеруден өтіп тұрады. Өткен жылы аумақтық басқармалардың мамандары 167 ойыншық сынамасын іріктеп алған, оның 67-сі техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеген. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент бойынша, дайындаушы немесе өнім беруші тарап сатып алушыны ойыншық туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. Тиісінше, тұтынушы ойыншықтың құрамы, қасиеттері, сақтау, пайдалану шарттары, жарамдылық мерзімі, салмағы, қауіпсіздігі сияқты мәліметтерді білуі қажет. Бүгінде талаптарға сәйкес келмейтін ойыншықтардың 80% — ы Қытайда өндірілген, қалған 20% — ы Ресей, Украина, Өзбекстан елдерінен келген ойыншықтар. Атап айтқанда, Қытайдан әкелінген «Барби Beauty» және «L.O.L. Fruit doll», «Racing Super» ойыншықтары токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Бұлар баланың денсаулығына қауіпті саналады. Аталмыш ойыншықтар дүкен сөрелерінен алынып тасталды», — деді Рагуль Таженова. 2019 жылы талаптарға сәйкес келмейтін ойыншықтарды сатқан жауапты тұлғаларға 314061 теңге сомасына 6 айыппұл салынды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия