jasqazaq.kz

Қостанайда бағаны заңсыз өсірген таксилерге ескерту жасалды

04 шiлде 2020, 19:38

Қостанайда карантин уақытында бағаны ретсіз өсіріп жіберген такси қызметі ұйымдарына ескерту жолданды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің облыстық департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Маусым айының басынан бері департаменттің Call-орталығына таксилердің тариф бағасына қатысты 80-нен астам шағым түскен. «2020 жылғы 26 маусымда Қостанай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті мамандары үш тасымалдаушыға қатысты ескерту хабарламасын жолдады.

Олар: «Taxi Sity», «Tarlan» және «Народное». Тұрғындарды тасымалдайтын көлік ұйымдарына бағаны қайта қалпына келтіру ұсынылды. Олар 10 тәулік ішінде тариф жүйесін бірқалыптандыруы тиіс. Алдағы уақытта қайтадан бағаның көтерілуі туралы факті анықталса тасымалдаушыларға такси қызметі түсімінің 3-5% көлемінде әкімшілік айыппұл салынады» делінген департаменттің хабарламасында. Расымен де, қостанайлықтар такси бағасының орынсыз өскені туралы әлеуметтік желілерге жазған болатын. Мәселен, қала тұрғынының хабарлауынша, таксиді мобильді қосымша арқылы шақырған арзанға түседі.

«Ресми таксилер бағаны шарықтатып жіберді. Мысалы, орталық базардан «Балалар үйіне» дейін әдетте 400 теңгеге жетуші едім. Карантин уақытында таксилер 800-900 теңге сұрады», — деп қынжылды желі тұтынушысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде