
Қостанайдың №1 кешкі мектептің оқушысы өз-өзіне қол салды. Бұл мәліметті қалалық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Гүлсім Оразбаева растады деп жазады Alau.kz-ке сілтеме жасап sn.kz хабарлады.
17 жастағы жасөспірім жауапсыз махаббатан жалығып, туғандарына хат жазып, тастанды ғимарат ішінде асылып қалыпты.
«Ол өлер алдында қоштасу хатын жазып қалдырған. Ата-анасы хатты көре салып дереу іздеуге кірісіпті. Оны келер күні таңертең құрылысы бітпеген ғимарат ішінде асылып қалған жерінен тауып алған. Бала мектепте жақсы оқитын, отбасы жап-жақсы, ешқандай проблемалары болмаған. Өзі де сабақты жақсы оқыды. 9-сыныптан кейін Троицк авиациялық колледжіне оқуға түсікі келген болатын. Бірақ, түсе алмай қалды. Содан мектепке қайта келіп, кешкі ауысымда оқыды. Біз қайғылы жағдайды естіп есеңгіреп қалдық, туған-туыстарына көңіл айтамыз», – дейді Г.Оразбаева.